Жарқын жузі жадымда
(Атақты ақын Қалижан Бекхожин туралы сыр)

 Қалижан ағаның есіиін соғыстан кейінгі жылдары естідім. Есік қаласындағы қазақ орта мектебінде оқып журген кезім еді. «Мәриям Жагорқызы туралы поэманың авторы біздің Есікке келіпті. Мектебіміздің директоры Төлеутай Ақшолақовтың туысы екен. Сол Төлеутай ағаның үйіне Қалижан Бекхожин кеше келіп қонақ болып кетті» дейін бірге оқитың, бәрімізден ересек Есенғали Бекхожин. Осы әңнгімені айтқан Есенғали өз арамызда әжептәуір абыройға ие болып қалды. Қалижандай ақынды көрген адам осал бола ма?! Есенғалидың да фамилиясы Бекқожин.

Мүмкін бұл сол Қалижан Бекқожиннің туған інісі шығар деп бір ойлаймын мен. Бірақ ол ойымнан дереу қайтамын. Өйткені Калижандай ақының інісі болса бізбен бірге интернатта – Есікте емес, атақты ағасының қасында жүрмей ме? Алдыңғы ойды соңғы ой жеңе береді. Қайткенде де осы Есенғали Бекқожин осал емес. Басқамыз көрмей сол ақынды Есенғалилидың көреуінде де бір ерекше сыр жатыр.

Мен сол әңгімеден кейін Есенғалиды ерекше сыйлайтын болдым. Ақынның қолыналған кластасымның беделі басқалардан гөpi ерекше көтерліп калды.

Жыл өтті. Он жылдықты бітіріп, Каз- МУ-ге оқуға тустім. Қалижан ақынның газет-журналға шыққан өлеңдерін ерекше бip ынтамен оқимын. Өйткені ол біздің Eciккe келген, Есіктің суын ішкен. Биік Алатауымызға біз секілді куанып қараған аға ғой. Ондай аға Тұманбайдын да жақыны деген өз қиялымнан жасап алған куанышымды іштей аялаймын мен. 1954 жыддан бастап менің де өлендерім облыстық, республикалық газет-журналдарға шығып жүрді 1956 жылы сентябрьде алғашқы өлен жинағым талқыланды. Ол талқылауда өзім ішімнен аса жақсы көріп жүретін eкi ақын ағам – Әбділдә  мен Калижан болған жоқ.

Бip кунi түcкi тамақ ішейін деп осы Панфиловшылдар паркіндегі шағын асханаға кірейін. Асханада бұрыннан таныс Жұбан ағам өзінен сәл үлкендеу бip кісімен тамақ ішіп отыр екен. Ол кісілерге сәлем бердім. Жұбан аға қасындағы егделеу кiciгe мені таныстырды. Анау жылы біздің Eciккe келген ақын аға Калижан Бекқожин де¬ген кici екен. Мен аузымды ашып, қарап қалыппын. Бip кезде Қалижан аға маған: “Неге телміріп қарап қалдың? Танып отырсың ба?” деді. Сол кезде тәттi ойымнан серпіліп: “Жоқ- Әшейін анау жолы ciз Eciккe келіп едінңз. Мен сонда ciздi көре алмай калғаныма көп өкініп едім” дедім күмілжіп. Ол кезде “Аға, сіздің өлендеріңізді куанып оқып жүрем. Ciз үлкен акынсыз” дейтін бүгінгі жас ақындардың батылдығы менде мулде жоқ екен. Калижан ағаны көргеніме мәз болып мен кеттім. Сұлу, сұсты жігіт ағасынын бейнесі көз алдымнан көз алдымнан уақытқа дейін кетпей журді.

1960 жылы “Әдебиет” баспасына поэзияның редакторы болып жұмысқа орналастым. Ағылшынның ұлы ақыны Байрон казақша аударыла бастады. Сол жауапты кітаптың редакторы eтіп мені бекітіпті. Байронның “Чайль Гаролдьтің сапары” дейтін атақты поэмасын Қалижан Бекқо¬жин аға аударгған екен. Мен өзіме жуктелген міндетім бойынша аударманы тупнұсқамен салыстырып оқи бастадым. Баспаның бас редакторының орынбасары ақын Тайыр Жароковтан бастап Байронды аударған бар ақын менен бipтүpлi именетін сияқты. Өйткені аударма мен тұпнұсқаны салыстыра келгенде көп бауырларымыздың түпнұсқа-орысшадан сәл де болса ауытқитындарын байкап қаддым. Қолда билік бар, жиырма беске жаңа шыққан Тұманбай кімді аясын?! Өрем жеткенше аудармаға шұқшиямын. Бip күні “Чайль Гаролдь” келіп қолыма түсті. Аударманы орысшасымен салыстырып оқи бастадым. Аудармашым жүйрік. Аударма орысшасынан түк ауытқымаған. Мен  ішімнен мәзбін. Бір күні Қалижан аға менен аудармасының жай-күйін сұрады. Мен ол кiciгe аудармасының жақсы eкенін айттым. Ағам миығынан күлді. Tіпті менің атыма да бip-eкi жылы сөз айтып калды. “Әй, Гафу,— деді Қайырбеков ағага қарап. —Баспаға мына Тұманбайды дұрыс алғансындар. Бұл жерде өзi ақын, әpi алғыр, білімді балалардың істегені дұрыс” деп қал¬лы. Бұл Қалижан ағаның Тұманбай інісінің редакторлығына риза болғаны-ау деп ойладым ішімнен. Мақтағанды кім жек көрсін. Сол сәттен бастап Қалижан ағаға iнi боп кеткен сияқты ем. Бip куні Байронның аудармашысы Қалижан аға және сол кітаптың редакторы мені телестудияға шақырып, көгілдір экраннан сөйледік. Екеуміз де Байроннан аударған өлендерімізді оқыдық. Калижан аға аса қоңілді жүрді. Алдымен өзінің досы Әлжаппар ағаның үйіне апарды мені жетектеп. Ол кісілер де бізді көгілдір экран¬нан көрген екен. Риза көңілдерін айтып жатты. Ол үйден шығысымен Қалекең: “Бала, үйге жүр. Үйде жас жеңгең бар. Сол кісіге ceнi таныстырам. Және бүгінгі қызметімізді дұрыстап атап өтеміз”,— деді Қалекең. “Бара алмаймын. Үйде келеніңіз күтіп отыр” деп бәлденуді артық  көріп, ағамызға epiп Қалеқеңнің үінен бip-aқ шықтым. Есігінің алдында бағы бар жеке үй, жеке қора. Ақын болсаң осындай үйде тұр дегендей. Жас жеңгеміз дереу дастархан жайды. Дастарханға ол кезде Алматыда табыла бермейтін армян коньягы да келіп қонақтады. “Бәйбіше, мынадай коньякті қайдан алып журсің?” — деді ағамыз жеңгемізге қарап. “Қонағы көп болатын үлкен үйлерде осындай ғана коньяктар ішілуі керек деп ойлап, кеше бip таныс келішектен аттай қалап сұрап әкеліп едім. Ciзгe ұнамаса бұдан былай мұндай коньякты алмай-ақ қояйын” деді жас жеңгем. “Жо-жо-жоқ, ойбай! Алматыда бұл шіркін көптен беpi көрінбей кетіп eдi. Соны айтып жатқаным ғой. Егер табар жерің болса мұндай жақсы нәрселерге уйіңді толтырып қой, бәйбіше. Мына Тұманбай жас қой. Аузының салымы бар екен. Мұндай кезімізде өзіміз бұйырғанын ішіп кете беруші ек”,— деді Қалекең жадырап. Мен ештеңе естімеген кісідей меңіреуленіп отыра бердім.

Тамақ ішіп болған соң Қалекең өзінің үйінде жуүрген жас қызға:

—    Ағаңды ауладан шығарып сал. Ит қауып алмасын,— деді. Әлгі қызға epiп сыртқа шықтым. Бозбаланың салтымен кыздың атын сұрадым. Қолын алып қоштасып тұрғанымда:

—    Ей, Тұманбай, үйдегі келіп күтіп қалды, балаларың да сағынып калған шығар сені,- деп айғайлады Қалекем. Мен қыз қолынан қолымды дереу жұлып ап, көшеге қарай жүгіре жөнелдім. Кейін Қалекең осы әңгімесін қызықтап айтып жүрді.  “Бip қарасам Тұманбай кызымды калынға қарай жетектеп бара жатыр екен. Шыдамай айғайлап жібердім” деп өз өтірігіне өзi ceніп, әңгімe соғатын еді Қалекең. Ағаның аппақ көңілі калмасын деп мен дау айтып жатпайтынмын. Қолымнан келгені - күле беретін eдім.

Бірге Қалижан ағам, Қабдікәрімм Ыдырысов, ұйғыр ақыны Илья Бақтия бар және мен Алматы облысы Шелек ауданына әдеби сапармен бара қалайық.

Кемел Тоқаев, Қалижан Бекхожин және Берқайыр Аманшин

Ауданның партия комитетінің бірінші хатшысы С.Әбишев өзi қатысып, әдеби кешіміз өте жақсы өтті. Кеш соңынан бip оңаша әдемі үйге барып қонақасы жедіқ. Аудан жастары келіп өлең айтты. Кеш соңынан бip- eкi жас келіншек менімен шүйіркелесіп, әңгімелесіп тұр едік. Бip кезде Қалижан ағам: “Әй, Тұманбай, бағана сені келіннен өзім сұрап алғам. Ешқайда бармайсың. Үйде балаларың да күтіп отыр” дегені ғой. Даусында аздаған ашудың да зілі бар. Мен жалт бұрылып, ағама қарай журдім. Менімен сөйлесіп тұрған жас келіншектер әйелімнің, балаларымның бар екенін білетін де шығар. Дегенмен басқа ақындардан мені жастау көріп, әңгімеге шакырған болулары керек. Қайтейін, Қалекең жақ¬сы басталған әңгімемізді бел ортасынан узіп жіберді.

Таңертемен біз қонып шыққан үйдің бip бөлмесінде екі-үш келіншек дастархан жасап жатты. Қалекең қутындап әңгіме айтып, әлгі келіншектерді күлкіге қарық кылып тұр екен. Ақырын көшеге шықтым. Сақалы омырауын жапқан қария кici келе жатыр екен. Иіліп сәлем бердім. Қариядан кeшipiм өтініп, жасын сұрадым. “Алпысқа шығам биыл” деді. Мен ол кiciгe “казір Қалижан Бекқожин деген үлкен ақынмен ciзді таныстырам. Мен не айтсам соған басыңызды изей бepeciз бе, аға”,— дедім. “Болсын”, деді қариям. Қарияны бастап дастархан жасалып жатқан бөлмеге кірдік. Қалекең тағы бip қызық әңгіме айтып, әлгі келіншектерді күлкіге қарық қылып тұр екен. “Қалеке, мына құрдасыңыз сәлем беруге әдейі бұрылып келіп тұр. Қолын алыңыз”,— дедім. Қалекең сақалы омырауына түскен қарияны көріп сұп-сұр болып кетті. “Жасың қаншада?” деп сұрады. “Қалеке, алла жазса биыл алпыстың Алатауына шығайын деп тұрмын. Жаңа мына бала сіз бар деген соң әдейі бұрылып сәлем берейін деп кірдім” деді. Қеңілі сергек қici екен. Қалекем бұл әзілімнің түп төркінін оңай түсініп, қарияның үй-жай, бала-шағасын сұрап, ішіне кіріп бара жатты. “Мына сақалды сонша қоя бергенің не?” деді Қалекең қарияны жақтырмай. “Жас алпысқа келді. Ата болдық. Сен де күнде-күнде қырынбай сақалынды қоя бер. Анау аппақ шашыңа аппақ сақалың қосылып, қариялық абыройға ие боласың” деді қария. Қалекең қабағын түіп, epнін жыбырлатты да қойды. Бұл кезде дастархан жасап жатқан жас келіндер әңгіменің басын ecтіп, аяғын тындамай үйден шығып кеткен екен. Мен де, Қалижан аға, қария да мәз болып күлістік. “Кешегінің кегін қайтарды-ау мына бала” деп Қалекең тағы да күлді. Оның сол жайдары күлкісі менің жадымда, жарқын жүзі де көз алдыма жиі  елестейді.

Дополнительная информация