ЖАРКЫН ЖҮЗІ ҒҰМЫР БОЙЫ ЖАДЫМДА

Бүгін “Біз екеуміз” айдарында аса көрнекті ақын қазақстан Республикасының халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегеpi, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалижан  Нұрғожаұлы Бекхожин ағамыздың зайыбы Зайда Жанайқызының естеліктері, жүрек жарды сырлары жарияланып отыр. Әдебиетіміздегі  улкен тұлғаның бірі Қалекеңнің ақындық өмір жолы, отбасылық қырлары оқырманға тағылымды болары сөзсіз.

Гулбану ҚҰЛПЕЙІСОВА

Егер тамырынан толғай тартып, Қалекеңнің өнернамасына тереңірек үңілер болсақ, оны қасиетті сөз өңіріне, ақындыққа талпындырған ең алдымен өз әкеci, атам -Mәшһүр Нұрғожа. Ол кici көп оқыған, аса білімдар адам болған. Троцкідегі “Рәсулия” медресесін тәмамдаған. Атамның үйінде шығыс поэзиясы жұлдыздарының талай ғажайып туындылары жинақталыпты. Қалекең жастайынан сол шығыс әдбиеті шолпандарының өлең- жырларын оқып, сонан мейірін қандырған, өмірлік ләззат алған.

Ежелгі бай әдебиеттің шырын-нәрін бойына жинаған атам Нұрғожаның өзі де өлең жазып, талай айтысқа түскен, оның Ақан cepiмен айтысы көпке мәлім, сонымен қатар Нұржан Наушабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Иса Байзақов сияқты ақындармен сөз қағыстырған. Әcipece, атамның өзін іздеп келіп, таба алмай еліне қайтып бара жатқан Мәшһүр Жүсіпті параходка қуып жетіп, тапаншасын аспанға атып, паромшыны қорқытып, Мәшекеңді түcipiп алуының өзi бip әңгіме. Өз заманында елге белгілі болған атам Нұрғожа от ауызды, орақ тілді, сөзге алғыр, шешен, мақал-мәтелдеп сөйлейтін, халық тарихына да аса жетік, талай жерді аралап, көпті көрген адам еді. Атам қайтыс болғанда өзімен бipгe екі сандыққа салынған шығыс әдебиетінің нeбip жауһар кітаптары қоса жерлеіпті. Қалекең соны қайта қазып алам деп қанша қкталса да ақыры қолы бармады. Екі ұлына азан шақырып қойған аттары Қайыржан - Қайырмұхаммед, Қалижан — Қалимұхаммед. Үлкен ұлы дүниеге келгенде атамыз:

Бұл Мәшһүр бас жігіттің болған бipi,
Тарқаған қалам алса көңіл кірі
Құдай қазір алса ризамын,
Артымда Қайыржаным қалса тipi,

- деп өз мақсат-мұратын өлеңге қоскан екен.

Үлкен баласына “сен ғылым жолын қуарсың, менің қаламымды сен ұстарсың” дейді екен атамыз жарықтық. Айтса, айткандай-ақ,  Қайыржан аға Торғайда облыстық газеттің редакторы, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ғұлама ұстаз қазақ журналистикасында eciмi алтын әріптермен жазылған ақсакалы, шебер керкемсөзші дәрежесіне жетті. Ал Қалекең нағыз сегіз қырлы, 6ip сырлының өзi болатын. Домбыраны жақсы шертетін, күйсандықта жақсы ойнайтын, әcipece, Мәдидің әндерін нақышына келтіре жақсы орындаушы еді.
Сазгерлігі де бар болатын. Алайда солардың барлығынан ақындығым артық деп отыратын.

Қалекең өз талантын жастық шағынан-ақ байқаған. 1929 жылы комсомол қатарын өтіп, 1930 жылы Epтic бойындағыАқсуда еңьек жолын мұғалімдіктен бастаған. 1930-32 жылдары “Колхоз” газетіне алғашқы өлеңдері жарияланады. 1934- жылы мамыр айында Алматыда өткен жазушылардың ьірінші құрылтайында Павлодардан - делегат болып қатынасып өз өлендерін биік мінберден желпіне оқиды. Қалекең өткен күндерін саралағанда, “Атақты жазушылар — Сәкен, Сәбит, Мұхтар, Ілияс, Бейімбет т.бкөргенмен, олардын құрылтайда сөйлеген ұлағатты сөздерін ecтігенмін, маған жаңа бір әлем есігі ашылғандай әсер етіп,жас  қиялымды, өлеңшіл рухымды ерекше cepпілтті”, —деп еске алушы еді. Сол жолғы Сәкен Сейфуллиннің: “Кысылма жігітім, өлеңді батыл жаз. КазПи-ге оқуға кел, езім көмектесемән және әкеңнің қолжазбаларын ала кел", - деген соң, - үйдегі жазғандарын көп етіп алып бардым” деп отыратын.

Қалекеңді Сәбит аға 1936-37 жылдары өзi дайындаған хрестоматияға өзімен бipгe авторетіп қосады. Оқуын бітірмеі-ақ, 4-курста жүргенде Қазақстан Орталық комсомол комитеті Қалекенді баспаға бас редактор eтiп қызметке шақырады, кейіннен соғысқа дейін баспада директорлық қызмет аткарды.

Соғысқа дейін Дихан Әбілев, Есмағанбет Исмайлов, Қасым Аманжолов, Жұмағали Саин, Абдолла Жұмағалиев, Төлеутай Ақшолақов, Әли Есмағанбетов, Қапан Сатыбалдин сияқты бip топ жастар, жас қаламгерлер өзара қоян-қолтық, араласып жүрді. Қалекең Сәкен, Сәбит, ағаларды ерекше құрмет тұтты.

Сәкен аға туралы “Сұңқар туралы аңыз” деген дастан жазды. Гүлбарам мен Мариям апалардың алдынан да “ұлы жеңгелерім” деп кесе өтпейтін. Қалекең құшағы кең, аса бауырмал әpi балажан еді: Мал жиямын, дәулет арттырамын деп ойлаған адам емес. Құлық- сұмдығы жок адал, тіке көзге айтатын, көмек сұраған кiciнiң меселін қайтармайтын дархан адам еді.

Қалекең Ұлы Отан соғысының ардагері, Павлодар қаласының құрметті азаматы ретінде пайдалануға болатын көп жеңілдіктерге де қараған емес. Әркім таласып алып жатқан саяжай орнын да алмаппыз.

Қалекең қуғындалып, сынға ұшыраған кезінде Мұхтар Әуезов, “Қалижан, сенің жағдайын қиын. Түрмеге түcyiң мүмкін, халқымызға, елімізге керек адамсың. Түрікменстанға барып, жұмыс icтe, өлеңдерінді жаза бер”, -деп ақылын айтқан соң, сол жакка барып, жұмыс icтeп, мұғалім болған екен. Сол жақта жүріп, шығармашылығын жалғастырып, “Түркімен қызы”, т.б. топтама өлеңдер жазды. Ол ғұмыр бойы іздене жүріп, кезінде жұртшылықтан бағасын алған қырық шақты поэмаларды дүниеге әкелді. Оның шығармашылығы жөнінде екі- үш кандидаттық диссертациялар қорғалды. Қалекеңді Мемлекеттік сыйлыққа Ғали Ормановпен бipгe ұсынғанда Қалекең: “Мен өз кандидатурамды алып тастаймын, жасы үлкен Ғалекең алсын”, -деген екен. Бұл да бip қарағанда кез келгенің қолынан келе бермейтін мінез ғой. Ол өмір бойы туыстарына, достарына адал болып өттi.

Қалекең, жалпы, бала тәрбиесіне аса мән беретін. Осы Ерланға мектепте оқып жүргенде, каникулға шықса болды, бip сәт тыным бермейтін.
Ел көpciн, жер танысын адамдармен аралассын деген ниетпен 5 сыныпта Ерланды Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылысқа (БАМ) жіберді “Тырнақтай баланы жер түбіне жібергеніңіз не, пойыздын астына Tүciп қалса қайтесін?”, —деп жылап- еңіреген маған: “Зайдажан, қамықпа, адам болар бала алысты көpiп, қиындықтың дәмін татпаса, толыққанды азамат бола алмайды. Барам — деген жеріне барсын, көрем — деген жерін көрсін, бетінен қақпайық”, -деп жұбатып алатын. Ерлан БАМ-нан алып келген төсбелгісін өңірінен тастамайтын. “Бұл қандай жұлдызша? деп өзi қатарлы балалар сұраса, Ерлан мақтанышпен “Я общем школе шишка” депті. Сол сөзін еске алып, әлі күнге дейін күлеміз. Kөpшi Сергей деген баланын мамасы айтатын, менің ұлым ылғи Ерланды аузынан тастамайды, оның сөйлеген сездері, айтқан ойлары өте салмақты, өзi ақылды әpi білмейтіні жоқ” деп үнемі мақтанышпен айтып журеді’, — дейтін.

Жалпы, Ерлан мектепте оқып жүріп-ак, каникул кездерінде Одақтың балаларға арналған әсем ескеркіштерін, сәнді қалаларының бәapiн аралады. Бүкілодактық пионерлер лагері “ Артекте” болды, Белоруссиядағы алапат қырғындар ошағы Хатынь қаласында, Мәскеу шаһарында армансыз демалды.

Қызым Мирасгүлдің әкeci туралы естелігінде мына 6ip жолдарды айтпай кетуге болмас. “Біздің табысымыз — әкеміздің өмірлік қуанышы”, —деп бастап алып,әрi қарай Мирасжан — Meнi Мәскеуге, Есентукиге курортқа алып барды. Менің әр қадамым, әр сөзім әкем үшін үлкен мереке еді. Ерлан 2 курста оқып жүргенде Магаданға ең алғашқы iccaпapғa барып келді. Әкеме жақсы аяқ киім ала келіпті Ой, сонда әкемнің қалай марқайғанын керсеңіз. Көпке дейін аузынан тастамай айтып жүрді. Сірә, балаларының әжетке жарап қалғаны ол үшін ерекше оқиға болса керек”, - деп аяқтайды. Естелік деген нәрсе аяулы адамдар өмірден кеткеннен кейін жазылатын жан
сырлары ғой. Балалары да қамқор әкесі туралы егіліп тұрып талай естеліктер жазумен келеді.

Ауырып жүргенде қызуы көтеріліп турса да, Ерланға “балам, мені Жазушылар одағына апарып келші” деп отыратын. Мен ауырып отырсыз ғой десем, “Одаққа барсам жазылып кетемін” дейтін. Шынында да көңілі көтеріліп, бipнeше досымен сау ете қалатын, көпшіл еді ғой.
Қалекеңнің жинағын кітаптары көп. Мен жақында 500-ге тарта кітапты Ұлттық кітапханаға өткіздім. Тамаша естеліктер топтастырылған “Өлеңім - өмipiм” атгы ғұмырнамалық эсселер жинағын 2004 жылы “Білім” баспасы басып шығарды.

Жуырда “Атамұра” баспасынан “ Батыр Науан” кітабы жарық көрді.

Кеше кітаптың шығуына орай “Атамұра” баспасына бардым. Алла тілеуін бepгip, Рақымғали деген азамат мені құрақ ұшып қарсы алып, гүл сыйлап, мәре-сәре болды. Осының бәpi марқұм Қалекеңнің еңбегі, абыройының арқасы емес пе?! Қазақтың Рақымғали сияқты кішіпейіл жастары көп болса ғой деген көңілмен баспадан ерекше қуанышпен марқайып қайттым. Рақымғали балам: “Ардагер ақынның естеліктер кітабын ciзгe өз қолыммен тапсырайын” деп, Қалекеннің 5 кітабын ұстатып жіберді. Бұл маған ұстіме қамқа тон жапқаннан кем болған жоқ.

Дополнительная информация