Қалижаннан қалған сөз

1980-81 жылдар Қазақстандағы барлық баспалар үшін өте қауырт жұмыстар мен сапырылысқан,  қарбалас көші-қон жылдары болды. Қаладағы барлық баспа Абай мен Гагарин даңғылы қиылысында жаңадан тұрғызылған алты қабатты мекенге (қaзipгi «Баспалар үйі») қоныс аударды. Теменгі қабаттарға «Мектеп», «Қазақстан»,  «Қайнар» баспалары орналасты да, «Жазушы» мен «Жалынға» бесінші, алтыншы қабаттар бұйырды.

Мен 1979 жылдың қараша айының 12-ci күні Одақтың жаңа хатшысы Жұбан ағаның ұсынысымен  «Жазушы»  баспасына жұмысқа орналастым. Еншіме «қайта басылым» деп аталатын редак¬ция тиді. Бұл - өлі-тірісі бар, үлкенді-кішіні классиктердің шығармалар жинағын шығаратын тақырыптық жоспары көлемді үлкен редакция болатын.  Біздер, арамызда көптен ітейтін тәжірибелі баспагерлер Күланда Ұзақбаева, Шолпан Тоқсанбаева, Төлек Тілеуханов, Салиха Үмішева, Қаракөз Әбдікәрімова және бірде бар да, бірде жоқ Қажытай Ілиясов, Эбдірахман Асылбеков, Болат Үсенбаев, Cepiк Сатанов сынды «желаяқ жауынгерлер» бар,  қызметтес болдық. Редакцияны  бip-eкi жылдай майдангер ағамыз Жұмабай Тәшенов басқарды.

Жұмыс ауқымы үлкен, әpi ауыр. Атақты классик жазушылардан М.Эуезовтің - 20, Ғ.Mycipeпoвтың – 3, Мустафиннің - 5, Ғ.Сланов пен X. Есенжановтың - 6, Т.Ахтановтың - 5, поэзиядан  К. Аманжоловтың - 4,    Ә. Сәрсенбаевтың - 5, Ә.Тәжібаевтің - 5, Е.Ормановтың - 4, Қалижан мен Хамиттің және Сырбайдың - 3,  Дихан мен Мұзафардың - 2 томдықтары (өзгелерін айтпағанда) осы редакцияның үлесінде болды. Және осы аталынған шығармалар түгел жарық көрді.  Ал бұларды дайындап, окып шығаруда қандай қиындықтар, қандай қателіктер болды, оған тоқталып жатпаймын, ол басқа 6ip естеліктің еншісінде!

Айтқалы отырғаным, көрнекті ақынның бірі Қалижан Бекхожиннің 3 томдығына байланысты өpбіген бip қызықты әнгіме жайлы.

Әлгі аттары аталған ақындардың барлығының дерлік редакторы мен болатынмын. Солардың ішіндегі ең шатағы да, алған бетінен қайтпайтын қырсығы да осы Қалекең екенін ептеп білетінмін. Оны маған,  сақтандыру мақсатында, Бас редактор Есағаң (Есет Әукебаев) ескерткен-ді.

Өзге классиктердің, мәселен, Әбділда, Хамит жинақтары дау-дамайсыз, өкпе-назсыз тып-тыныш шығып кетіп еді, ал мына Қалекең келгенде, бip өлең жайлы ұстатуға мәжбүр болдық. Айқасымыз ақынның екінші томын оқыған кезде басталды. Бipiншi томына ертерек кезде, жас шағында жазылған өлеңдері  ен гендіктен бе, онша дабырасыз, жылға-жылғанын арасымен шығып кеткенбіз. Екінші томға саяси тақырыптағы, партия, Отан, ұлттар достығы,  т.б.өлеңдері  енгендіктен абайлауға, сақтануға тура келді.  Кеңестік тәртіп солай, үстімізден  ҚазЛито бағып отыр, кылдан таюға болмайды.

Екінші том, ауыз-екі айтыла беретін «құдай ұрғанда»,  «Коммунист» деп аталатын ұзак-сонар толғауымен ашылған екен. Оқи бастасам, ай тулы волюнтарист Никита Сергеевич Хрущев Кеңес Одағындағы ең әділ де, адал, алысты болжай білетін көреген әpi данышпан коммунист болып шыға келіпті.  Ал оның қасында Брежнев деген кім, жүрізіп отырған саясаты қандай саясат, Хрущевпен салыстырғанда «түкке де тұрмайды»...
Қызық болғанда, нақ сол кезде (ceкceнiншi жылдар) Н.С.Хрущев тұсындағы өрескел қателер қателер сыңалып жатқан-ды. Ендеше, бұл өлеңді қайтып жібересің?!  Жалғыз ғана шарты - жинақтан алып тастау! Оған ав¬тор көне ме, жок па, оны ақылдасуымыз керек. Ендігі мәселе сол еді.

II

Баспаның Бас редакторы Есет Әукебаев менің қорғаным icпeттi. Ол, біреулердің пайымдауынша, «кессе - кан шықпайтын» қатыгез адам?! Бipaқ маған ұнайды, екеумідің ұстанған бағытымыз бip де, принціпіміз - ортак! Есаған, қалай дегенмен де, партиялық қатаң тәртіптің адамы! Онда екі сөйлеу жоқ, айтты болды, орындауың керек! Мен мұнда жұмысқа келмес бұрын-ақ есіткенмін: «Есет Әукебаев - еліміздің шекарасын күзеткендердің бipi, өте сақ  кici. Жұмыстың қандай түpi болса да қатаң бақылауға алады. Тапсырмасын орындамасан  - тайып тұрасын!» - деген-ді... Ал мұндай қасиет менің өзіме де тәң десем, қателеспеймін...

Қалекеңнің «Коммунист» - Хрущевтің тағдырын шешу үшін Есағаңа кірдім. Үйреншікті дағды бойынша: «Ондай өлеңдерді жіберме, құдай болса да алып таста! Көнбеген авторларын маған жібер!» - деп бұйрық берді. Маған да керегі сол болатын.
Үшеуіміз - екі баспагер, бip автор болып ұстасайық келіп. Қалекең бар пәлені Есеттен емес, менен көреді. Кереді де: «Мына пәлені құрт! Маған басқа редактор бер!» - деп мурты жыбырлап, epнi күбірлеп, (арасында естілер-естілмес бірдеңе деп боқтап жүр) кеңсені басына көтерді.

Есағаң болса, сәл күлімсіреп, кезінің қиығымен маған бip нәрсені аңдатқандай қарап қояды да:

-    Қалеке, болмайды ғой! Бұл жерде редактор прав!

Алып тастау керек! Орнына басқа бip өлеңіңізді қосыңыз! - деп үгіттейді.  Оған көнетін Қалижан ба?! Салып айдап директорға -Әбекеңе (Жұмабаевқа) барады ғой. Онда да әлгі әңгіме, «редакторымды ауыстыр,  басқа адам бер...». Әбекең, жаратылысынан жұмсақ кici, біреудің бетін қайтару дегенді білмейді.  Сол ғадетімен, биязы күлкісімен  маған.

-    Мақсұт-ау, тимесеңші, Қәалекең сұрап отыр ғой. Біp өлең болса, бip ғана Хрущев болса, кайтер дейсің, жібере  берсейші?! - деп шығарып салады. Сол сөзге рахаттанған Қалекең артына қасқырша бұрылып, маған шүңірек көзін қадайды да (атарға оғы жоқ?!) аузы-басы жыбырлап кете барады. Әрине, іштей мені боқтап бара жатқанын сеземін...

«Ер шекіспей - бекіспейді - деген емес пе? Әлгі айқастан соң Қалекең баспаға келуді жиілете тусті. Бірақ бұрыңғыдай емес, сұсты мінезі басылған, сipә, өз кінәсін (өлеңдегі қателікті, Генсекті бекер дәріптегенін) ойланса керек, ашу-ызасы басылып қалыпты. Бірде кештey, жұмыс аяғы таянған кезде келді де, біз отырған бөлменің есігінен  біp қарап, ішке бас сұқпастан шегініп кетті. Бip нәрсені сағалап жүргенге ұқсайды. Cipә, кел- ген шаруасы менде болуға тиіс секілді, әйтпесе есіктен сығаламас еді.  Бұл менің ойым... Бipaқ артынан жүгіріп шығьп: «Жай жүpciз бе, Қалеке?» - демедім. Өйткені, менің мінезімнің де оңып тұрғаны шамалы, қырсыққанға қырсынып қалатыным бар!

Онда Қалекең «Волгасы» - ның рулінде баласы Ерлан отыратын, аздан соң далаға шығыпты да, Ерланды маған жіберіпті «Ананы алып шық!» - деп. «Ананы» деп отырғаны - мен! Жағдайды іштей түсіндім де жиналып, далаға шықтым. Сәлем жоқ, сауқат жоқ дегендей, амандық-саулық сұрамастан қолындағы таяғымен ілгері жақты нұсқағандай болды. Көзінің аласымен маған жақтырмай бip қарап алды да, Ерланға: «Әлгі қайда еді?» - деді күбірлей сөйлеп. «Салют» пе? - деді Ерлан ақырын ғана, көлігін орнынан қозғап...

«Салют» - «Военторг» астындағы шағын кафе, соған бардық.

-Не iшесің? - деді Қалекең маған жақтырмаған көзінің астымен қарап.

- Не әперсең, соны ішемін! - дедім мен де құйтұрқы жауап бepіп.

- Ендеше отыр! - Төр жақтағы орындыққа өзi жайласты да, Ерланды керек-жаракты алып келуге жұмсады...

III

Осы отырыс Қалижан ага екеуміздің бip-бipiмізді шын түсініп, татуласуымыздың бастамасы болды. Осыдан былай шындап араласа бастадық. Мені үйіне жиі шақыратынды шығарды. Көбінесе екеуміз оңаша қалып әнгімелесеміз, қайдағы-жайдағыны сез етеміз.
Қалекең марқұмның, жалпы, мінезі қызық кici бо¬латын. Сәл нәрсенің өзіне отқа түскендей, күйіп-пісетін. Ашуы келсе, тамак дайындап, қазақша айтқанда, асты-үстіне түсіп жүретін жеңгеміз Зайдаханның өзін  де «шықпыртып», айдап шығатын.

Ал енді ойлағаны болып, бабы келіп отырса, бұлттан шықан күндей жадырап сала беретін. Бip нәрсеге мәз болғанда кеңкілдеп күлгенінің өзі уй ішін жайнатып жіберетін. Жасыратын нeci бар, шабыты соққанда шалқи сөйлеп, қыз-келіншектерге қырындайтын да сәттері кездесетін. Бipaқ «қызғаншақ» болатын: «әлгілерді... табатын мен де, қызығын көретін Берқайыр екеуің!»- деп рақаттана күлетін. Бұл қасиеті жөнінен Қалекең Хамаңа (Хамит Ерғалиевке) Қарағанда ашық әpi жайдары болып көpiнeдi маған. Онда кек болмайтын. Хамит ағамыз мұндайға тұйықтау, өркөкіектеу, өзімшілдеу турғыдан әсер қалдырады. Жалпы, жарықтық қазақтың екі данышпан ақыны өздерінің табиғи тұрқы, жаратылысы, мінез-құлқы жағынан ғаламның ею полюсіне ұқсайтын ед1?! Ол жөнінде айтылар әңгіме әлі алда...

Ұмытып барады екенмін, Қалекең тағы бip көңілді отырысымызда маған творчестволық ақыл-кеңес айт¬ты. «Сен, - деді, Батыстың жігітісін, топырақтарың тартып туған екі Батыр қыздарың бар, бipeyi Мәншүк, бipeyi - Әлия! Соны қайсың жаздыңдар? Тайыр «Тасқынымен» Keттi, Хамит «ҚҰрманғазысымен» Keттi, Әбу ағамыз Атырау толқындарымен алысып-жұлысып, Балқан түбегінде жүр, ал қалғандарың қайда қарап отырсыңдар?! Сен, Мақсұт, маған ренжіме, мен өзімнің Арқа жағыма тартып, «Мариям Жагөр қызы» деген по¬эма жаздым. Ол оқырманға ұнады. Ал сендерде әйел затына «оқыранып» жоғарыдан қарайтын ғадет бар... Сен Мәншүкті жаз, ол қыз туралы мен бipaз мағлұмат бере аламын. Абдолла деген айтулы азаматтарың бол¬ды, оның майдандағы әpeкeттepi туралы Қасым (Аманжолов) жазды. Егер Мәншүкті сен жазбасаң, өзім жазамын, ұқтың ба?!» - Қалекең кейде өтipік күлетін шүңірек көзімен маған бip түpлi сынай қарады.

-    Қалеке, - дедім, «қаным қайнап» арланған кейіпте, - жаз десеңіз, жазайын, бipaқ Мәншүк туралы менің мәліметім аз, тіпті жоқтың қасы!

Егер кемектесем десеңіз, тәуекел етейін!

Кемектесемін де, Абдолла мен Мәншүктің кейбip қыр-сырларын айтып беремін, олар туралы өзім де бірдеңе жазып жатырмын, - деді

Сонымен мен ол үйден әpi-cәpi ойларға киіліп шықтым...

IV

Бұл - 1982 - Ит жылының 24-іншi қаңтары, жекceнбi күні болатын. Қалекеңнің тапсырмасы бойынша тәуекел етіп, Мәншүк туралы поэма жазуға отырдым. Қақ осы сәтте ойламаған жерден есіме түсті: Атырау облысының Махамбет аудандық «Малды өңір» газетінде icтeп жүрген кезімде әскери журналист Ольга Чечеткинаның бip кітапқа басылған (қайсысы екені жадымда жоқ) «Батыр Мәншүк» деген очеркін аударып, облыстық «Коммуниста еңбек» газетінің екі нөмеріне жариялатқаным барды. (3-4 апрель 1955 жыл). Соны тауып алып қарап шықтым да, кейбір деректерді пайдаланып, «Мәнсия» деп аталатын (қыздың шын аты) поэмама алаңсыз кірістім. Сөйтіп  небәpi 195 шумақтан (780 жол!) туратын поэманы сол жылдың 10-ыншы ақпаны күні аяқтап, нүктесін қойдым. Сосын ақылшым болған арқалы ақын Қалекеңе звондап, тапсырмасын орындағанымды айтып, қашан, қайда кездесетінінімізді сөйлестім. Ол дауысы сәл қарлыға, телефонда тұрып: «Асығыстау болған жоқ па?»- деді «Жоқ, өзімше 18 күн толық жеткен сияқты. Көлемі де онша көп емес қой», - дедім. «Жарайды, - деді аға қарлығыңқы үнімен,
-    аздап ауырып тұрмын, кейін жолығармыз!»

Қазақтың аса көрнекті ақыны Қалижан Бекхожин ағамызбен қалай танысып, сырлас болғаным турасындағы менің есімде жүрген жайлар осы еді.

V

Қалекеңнің өз қарабасы ғана емес, ол кісінің отбасы жағдайы да маған таныс. Жеңгеміз Зайдахан - аңқылдаған ақ көңіл, аузын ашса, көмейі көрінетін ақжарма әйел! Бip нәрсеге ашулану, ренжу дегеніңді білмейді. Қалекең кейде ұшпалыққа салынып, ақырып- бақырып жатса да, жеңгеміз қазы-қартасы асылған бip табақ cүpi етімен кіріп келгенде, қалай күлгенін өзi де аңғармай қалатын. Әлгінде аздаған «қызғаншақ» әдеті барлығын еске салып ем ғой, жeңгeмiздi «Зайдаш» дегенім үшін маған да киліккен кездері болды: «Оның аты Зайдахан ғой, неге сен «Зайдаш» деп өзіңнен үлкен адамды еркелетесің?!» - дейтін мұрты тікірейіп...

Ол да бip есте қалатын, жаныңды жабырқатпайтын қызықты күндер екен-ау!

Ерлан інім (Бекхожин) - аса сабырлы, салмақты, мінезі биязы, бip сөзбен айтқанда - «қызмінезді жігіт! Ол Кіші жүздің жиені атанатын қаратаулық Әкім Таразидің кіші қызы Алданға үйленген. Сол кезде мен де болып қарындасымның қолынан дәм татқанмын. Қaзip екі баласы бар: Ерланның өзi «Литер Медиа» ЖШС-де Бас директор, «Айқын» газеті редакдиялық алқасының төрағасы. Бұл жігіт деймін, қандай министрліктің орнын берсе де, абыроймен атқара алар ед1?!

Ақынның көзі тipiciндe көріп кеткен Мирасгүлі - үш дипломды (Абай атындағы мемлекеттік пединститутты, Қазақ технологиялық институтын және Заң университетін бітірген) қызметкер. Бұл да тұрмыс құрған үйлі-баранды...

Қалижан ағамыз 1990 жылы 2-інші қазан күні 77 жасында дүние салды. Tipi болғанда биыл (2007) 94 жасқа толғанын өзi де, қала берді Павлодардың Баянауыл өлкесін мекендеген бүкіл Арғын-Сүйіндік ауыл- аймағы да Қалекеңді қақ төрге отырғызып, қонак етіп қой сойып, ақынына бас беріп, ауылына ас бepiп, топырлатып той жасап жатар ма eдi, қайтер еді?!

Жарайды, топырағы торқа болсын! О дүниеде де пейіштің пейілі кең пepiштeлepi мұны ескеретін шығар-ау?!

* * *

Қасиетті Қалекең - Қалижан аға бірде маған көңілдене отырып:

«Туған жepi әулиелі Қызыл тау, Арғын - Сүйіндік. Нұрғожа баласы! - деп жазып қойшы?!» - деген еді. Неге екенін айтқан жоқ, бipaқ сол бойда-ақ блокнотыма түртіп алғанмын. Міне, eндi бip қажетіме жарады...

Қалекеңмен қалжын

Бір күні барған едім ақын сұрай,
Тосырқап танытпады ақын шырай!
Менімен қатарласа кіріп келген
Зайдаға:
-Шығып тұр! - деп ақырсын-ай!

Ақынның қатал еді тұрқы неткен,
Білуші ем бұрыннан да құлқын ептеп.
Байыптап қарап едім әлпетіне –
Жыбырлап осы сәтте мұрты кеткен...


Жақын кеп жайғастым да үндемедім,
Қайтемін мошқап сұрап мұн-дерегін?!
Жақ ашпай отыр Ақын...
Телефондап,
Мазамды алушы еді күнде менің?!

Сұсты ақын сөз айтпайтын –
Бұрын батып,
Осы жол мұртын оғаш жыбырлатып:
«Әнеугі «Коммунисті» қайттің?» - деді,
Орнынан кеңілсіздеу тұрып жатып...

Ақынның түсінсем де ой діңгегін,
Келіп те тұрған жок-ты ойным менің.
Қаһарын Қалекеңнің сынамақ боп:
-Оныңды біржолата жойдым! - дедім.

Ақынға жұмбақ еді сырым менің,
Қолыныц андап калдым дершдерш.
Ішімнен «боқтап тұр-ау», - деп ойладым,
Деп ойладым,
СҰстанып, ернімен тек күбірлеуін.

-Қалеке, кешіріңіз! - дедім ептеп,
(Кектенсе, көкірегінде кегі кетпек!)
Сізді жұрт cepi ақын деп бағалайды,
Ал жырың біздер үшін - cepi мектеп!

Біздің де дәмеміз бар - серіліктен,
Білсеңіз, жүргенім жоқ epiгin мен!
Нақ сіздей үлкен ақын болсақ дейміз,
Ардақтап Сарыарқадай - Eлi күткен!

Бұрылды Ақын сонда зорға ғана –
Бip ici бітпей қалса, қорлана ма?!
Сен маған редактор болсың, - деді, -
Өлгенше өлеңімді қорға, бала!

Жасымда мен де еркінсіп жүретін ем,
Не істесең - icтey керек ретімен!..
Қысқартпа өлеңімді?! - дей бергенде,
Зайдахан келіп кірді cүpi етімен?!

Отырған орындық пен төрін бepin,
Қалекең сөйлеп кетіп кеөңілденіп.
«Ол кезде осал жігіт атанбадық,
Ел-жұртқа жұғымсыз боп көрінбедік!

Өлеңді - сөз патшасын қастерледік,
Ақынға «жақсы-жаман» бәс бермедік.
Шықса алға озып 6ipey...
Құрту үшін -
Астынан әр сөйлеймін тас термедік!

Бертінде «күндес» деген күнге жетттік,
Досты да дұшпан санап тілдеп еттік.
Айдалса ұлы ақындар - абақтыға...
Соңынан біразымыз бipгe кеттік...

Сотталды билеп келген батыр елд!,
Түрмеде түк кінәсіз - ақын өлді.
Құтылып қуғын-cүpгiн лаңынан –
Ақталып «ақтаңдақтар» жатыр енді.

Менің де кеткен сонда –
Нар - кісім бар!
Үндемей інде бұғып қалды сұмдар!
Олар да есеп берер!
Сол үшін де
Айтатын Хрущевке алғысым бар!

Халімді көрдің бүгін үйде менің,
Әркім де жек кереді сүймегенін!
Қажет пе?
Алып таста басқа өлеңді,
Жөн шығар «Коммуниске» тимегенің?!»

                      II

«Тұғырыңда тұрганда өрең жетіп,
Өту керек шалқып һәм өлеңдетіп.
Атың шықпай жатса егер –
Жер өртеме!
Кітап шығар одан да...
Көлемді етіп!

Сонда ceнiң дәріптеп атыңды ауыл,
Таңға қағар бас шайқап,
Жатың да бip!
Жігер керек!
Жігітік жүрек керек!
Алмау үшін өлгенше ақын дамыл?!

Өлең деген - таланттың арман-мұңы,
Шалқи алмас шабыттың жалған нұры.
Өлең қашса - ақынның өлген күні,
Өлген күнi - жазудан қалған күні» -

Осылай деп Қалекең кеңес берді,
Жек көретін өзеуреп егескенді...
Жек керетін мақтаншақ бөспелерді,
Жек көретш шын ақын еместерді!.

Есіне алып мақсат пен мұраттарды,
Сыр сандығын сезімнің мың ақтарды:
-Білемісің Мәншүк пен Абдолланы? –
Деп Қалекең оқыс бip сұрап қалды.

Шындық бөлек!
Қалжың мен әзіл бөлек!
Бұлар жайлы жақсы жыр жазу керек!
Абдолланы жырлады Қасым ақын...
Батыр қызды басқа ақын жазу керек!

Білем қыздың жолдарын жүріп өткен,
Мөлдір едi - таймаған нұры беттен!
Өлді деуге сенбеймін Мәнсияны –
Көз алдымда майданға тipi кеткен!

Ел сыйлаған - ер тұлға!
Бip ағасың!
Есте ұстайды әр халық
Ғұламасың!
Керейін мен тәуекел! –
Дедім оған,
Уміт артып өзімнен сұрағасын!

-Дау-дамайы, - деді ақын, -
Таласы жоқ!
Зиялы...
Ойлы...
Қазақтың данасы көп!
Мен де соның бipiмін!
Жазып алшы,
Сүйіндікте - Нұрғожа
Баласы! - деп!
1-казан, 1988 ж.

Дополнительная информация