Өмірі

Туған жер

15 желтоқсанда Баянауыл өлкесінде әулиелі Қызыл тауда дүниеге келген (азан шақырып қойған шын аты Қали-Мұхаммед). Әкесі Мәшһүр Нұрғожа Троицк қаласындағы Зейнолла ишанның медресесін үздік бітірген. Мәшһүр Жүсіппен, Ақан серімен, Исамен айтысқан, кейбір болыстарды шенеп сын айтқан ақын болған адам.

1932 жылы Сәкен Сейфуллин Ақан серінің өлеңдерін шығарған. Сол жинақта Ақан сері мен Сүйіндік Нұрғожаның айтысы келтірілген.

Бекхожин Қайыржан Нұрғожаұлы (1910-1979)-қазақ совет баспа сөзінің зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор (1965) Павлодар қаласында кедей-шаруа семьясында туған. Ол журналист қызметін 1929 жылы Павлодар округінің «Кеңес туы», аудандық «Колхоз» газеттеріне хат-хабар жазудан бастады. 1935-39 жылдары Семей облысы «Екпінді» газетінде істеді. 1942 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. 1942-45 жылдары Қостанай облысы «Большевиктік жол» газетінің редакторы. 1945-47 жылдары өзi оқыған университеттің журналистика факультетінің аға оқытушысы, деканы болды. 1948 жылдан журналистика кафедрасының меңгерушісі. Ол «Айкап» журналын зерттеуде көп еңбек сіңірген ғалым. Бекхожин 60-тан астам ғылыми мақала мен «Қазақ баспа сөзінің даму тарихы» атты монографиялық кітаптың авторы».

 

Балалық және жастық шақ

Бала кезінде жалдамалы молдадан арабша хат таныған Қалижан бала кезінде қисса-жырларды көп оқып, әдебиетке ерте құмартады. 1924 жылы дін оқуынан кеңес мектебіне ауысқан. 1929 жылы комсомол қатарына өтеді. 1930 жылдың басында Ертіс бойындағы Ақсу ауылында мұғалім болып істеген. 1932 жылы 19 жасында аудандық "Колхоз" газетінде 8 наурыз - әйелдер күніне арналған тырнақ алды өлеңі басылып шықты. Содан кейін осы газеттің жауапты хатшысы қызметіне жүмысқа шақырылады. 1934 жылы мамыр айында Алматыға Қазақстан жазушыларының I съезіне Павлодардан делегат болған. 1934 жылы ҚазПИ-ге оқуға түседі. Ағылшынның атақты ақыны Байронның "Чайльд Гарольд" поэмасының бірнеше тарауларын аударып, ол казақ әдебиетінің 8 сыныбына арналған хрестоматияда (1937) жарияланады.

Ғалымның жастық шағы туралы оның туған інісі ақын Қалижан Бекхожин өзінің «Жазушы» баспасынан 1986 жылы басылып шыққан “Өлең өткелдері” деп аталатын әдебиет хақындағы ойлар, толғаныстар мен естелітерінде: «Cipә, мен алты жасымда хат таныған шығармын. Мені әкем сол алты жасар кезімнен ескіше хат тануға баулыды да, жалдамалы молда сымақтарға діни оқуға берді. Ал менен үш жас үлкен (мен 1913 жылы дүниеге келіппін) Қайыржанды араб әліппесін үйретіп, хат білгеннен кейін, орыс мектебінде оқытты. Әкем Қайыржанды өзінің жанынан артық көріп:

Нұғожа бас жігіттің болған бipi,

Тарқаған қалам алса көңіл кipi.

Құдайға қазір алса ризамын,

Артымда Қайыржаным қалса mipi. –

деп өлең де арнады. Мен жас кезіде осы бip жылы сөздң Қайыржаннан іштей қызғанатын да едім. Баласына білім, өнер іздеуді мұрат еткен әке Қайыржанға былай деп өсиет етеді:

Кел, балам, ғылым оқы, өнер серік,

Хақ жолға ықтихатың болсын бepiк.

Ізденіп, талпынып бақ;, көзімм барда,

Мақсұдың ден сау болса тапсын ерік.

Әкенің бұл өсиетін Қайыржан ақтады. Оқып, білім алғанның арқасында кейін тарих ғылымының докторы, КазГУ-дың профессоры болды», - деп жазды.

1938-1939 жж. "Партизан Балтабай" ("Кек"), "Орман қызы", "Аксақ құлан" атты үш дастан жазған. "Орман қызы" Қазақстан Орталық комсомол комитеті жариялаған бәйгеде жүлде алған. 1939 жылы аты шулы Кенесары, Наурызбайды мадақтайтын "Батыр Науан" атты поэма жазған. Кейін 1950 жылдары осы поэмасы үшін қуғын көрген, кітаптарын шығаруға тыйым салынған.


 

Еңбек саласы

Ал, енді Қ.Бекхожиннің өзіне келетін болсақ әдебиет майданында жарты ғасырдан астам еңбек еткен жылдарында үлкен асулардан өттi. Оның өлең, поэмалары, әдеби сын, публицистикалык еңбектері, пьесалары том-том кітaп болып басылып, театр сахналарында қойылды. Ол әдебиеттану және аударма саласында да елеулі еңбектер жазып, соңына өшпес мұра қалдырған белді де, белгілі әpi біліктi суреткер ақын, жазушы.

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халық ақыны Қ.Бекхожиннің өмірбаяны мен творчествосы жайлы әр жылдары жарық көрген баспасөз материалдарын былай қойғанда, мектеп оқушыларына арналған оқулық, хрестоматияларда, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтар мен қазақ әдебиетінің тарихына арналған ғылыми еңбектерде  нақты бip жүйеге келтірілген көптеген тұжырым пікірлер білдірілген. Сондай-ақ, ақын творчествосын зерттеудегі әдебиетші Төкен Ибрагимов пен ғалым Әбділхамит Нарымбетов- тардың да еңбектерін айырықша атап өткеніміз жөн.

Ақын Қ.Бекхожин әдебиетке отызыншы жылдары келген. Бұл туралы белгілі ғалым Р.Бердібаев: «Қазақ совет поэзиясы түрлі тың тақырыптарға барды, әр жанрда шығармалар туды. Жалпы алғанда, 30 жылдарда қазақ поэзиясы сан жағынан да, сапа жағынан да, жаңа қияға өрледі. Оның тұрақты да өнімді өкілдері ретінде І.Жансүгіров, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, К.Әбдіқадыров, F.Opманов, Ж.Сыздықов, Ө.Тұрманжанов сияқты белгілі ақындар қызмет eттi. Отызыншы жылдардың орта тұсында бұлардың қатары Ә.Сәрсенбаев (1905), Қ.Аманжолов (1911-1955), Ж.Саин (1912-1961), Қ.Бекхожин (1913), Қ.Сатыбалдин (1917-1970), М.Хакімжанова (1906), Д.Әбілев (1907), А.Жұмағалиев (1915-1941) тәрізді ақындармен көбейді», - деп жазды.

 

Соғыс жылдары

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан оралысымен, әуелі, Тіл әдебиет институтында, кейін Жазушылар одағында поэзия бөлімін басқарған. 1959 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыста болған.

"Шеру" атты алғашқы өлеңдер жинағы 1944 жылы, ал "Көктем" атты екінші өлеңдер жинағы 1948 жылы жарық көрді. 1949 жылы "Советский писатель" баспасынан "Под звездами Москвы" атты өлеңдер жинағы шықты. Қырықтан астам өлеңдер мен поэмалар жинақтары шыққан - Алты асқар.

Таңдамалы поэмалар мен өлеңдер екі томдығы (1973, "Жазушы"), Үш томдық шығармалар жинағы (1983, "Жазушы"), Мариям Жагор қызы (1950, "Көркем әдебиет"), Ақан Ақтаев (1957, "Көркем әдебиет"), Жеті дастан (1966, "Жазушы"), Дала комиссары (1960, "Жазушы"), Бақытстан - байтағым (1968, "Жазушы"), Мамырстан (1970, "Жазушы"), Аппақ намә (1974, "Жазушы"), Ұландарым (1979, "Жалын"), Кешкі жаңғырық (1987, "Жалын"), Мария дочь Егора (1956, "Советский писатель"), Избранное. Стихотворения и поэмы (1980, "Художественная литература"), С поэзией иду (1974, "Советский писатель"), Вершины (1976, "Жазушы"), Степной комиссар (1968, "Жазушы"), т.б.

Соңғы еңбектері: "Дәстүр және жаңашылдық" (1969), "Өлең өткелдері" (1986, "Жазушы"). 20-ға тарта поэма жазған: "Мариям Жагор қызы", "Ақан Ақтаев", "Тұрлаулы тағдыр", "Дала комиссары", "Ақсақ құлан", "Сұңқар туралы аңыз", "Кремль сақшысы", "Мамырстан", "Әппақ-наме", "Сері күйші", т.б.

«Драматургия саласындағы туындылары: "Егер жүрек шын берілсе" (1962) Қазақтың жастар мен балалар театрында, "Ұлан асу" ("Ақтабан шұбырынды", 1970) Қазақтың М.Әуезов атындағы драма театры мен Шымкент облыстық драма театрында, "Нөсерден кейін", "Гималай сарыны" облыстық театрларында қойылды.

Пушкин, Лермонтов, Гете, Байрон, Некрасов, Горький, Науаи, Маяковский, Симонов, Вургун, Ғұламның, т.б. еңбектерін қазақ тіліне аударды. Шығармалары орыс, украин, армян, әзербайжан, татар, өзбек, тәжік, түркімен, қырғыз, венгр, т.б. тілдеріне аударылды.

 

 

 

Естелік

Ал, ғалымның туған жеріне келетін болсақ, қазіргі көзі тipi ақсақалдар мен Қалижан ағаның қосағы Зейдахан апамыздың айтуларына Қарағанда Қайыржан да, Қалижан да Баянауыл басында туып, Қалижан үш жасқа толған жылы Нұрғожа ақын балаларына жан-жақты білім беру мақсатымен Павлодар қаласына қоныс аударады. Осыған және әкесінің жеке басына байланысты Қалижан ақын жоғарыда аталған кітабында: «Баянауылдағы балташының баласы Нұргожаның жасынан білімге, өлеңге ынтасы болса керек, дәулетті ағайындар екіше хатқа жүйрік Нұрғожаны сонау Троицк қаласындағы Зейнолла ишанның медресесіне оқуға жіберберіпті, сол медреседен діни терең ілішм алған Нұрғожа кейін өзінің бip өленінде «Ұстаздан оқыдым мен семинария», - деп мақтанады. Бұл кісі діндарлығынан гөpi акындықты тәлім еткен еді. Нұрғожа сол өнерімен бүкіл Арқаны аралап, сонау Жетісуға, Маман Тұрысбек ауылына дейін барғанын кейін жұртқа жыр ғып айтатын. Қазанда өз кітабын шығарған Мәшһүр Жүсіптей күpдeлi ақын болмаса да Нұрғожаның атақты Ақан серімен, сол Mәшһүр Жүсіптің  өзімен, орақ тілді Исамен қақтығысуына қарағанда, кейбір топас болыстарды шенеуіне қарағанда, бұл кісіге өлең өнері дарығандығы шексіз», - деген пікірді көлденең тартады.

 

Ғылымға еңгізген үлесі

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), Халық жазушысы (1986), екі рет Еңбек Қызыл Ту (1959, 1973), Халықтар Достығы ордендерімен (1983), Қазақ КСР-нің Құрмет Грамотасымен және көптеген медальдармен марапатталған.

Ендігі әңгімеміз тікелей Қайыржан Бекхожинның ғалымдығы төңірегінде болмақ. Жоғарыда біздер Қ.Бекхожин 60-тан астам ғылыми мақкала мен «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты монографиялық кітаптың авторы болды дедік. Міне, осы еңбектерді жазу ғалымға оңай түсті ме? Keшeгi «қызыл империя» тұсында халқымызға өткен тарихымызды, оның ішінде сол заманның «көзі,құлағы, үнi» болып есептелген баспасөз тарихын өз күйінде жеткізудің cәті түсті ме, жоқ әлде өзіндік қиыншылықтары болды ма деген сауалдар туындайды.

Қ. Бекхожин 1949 жылы ең алғаш рет «Дала уалаяты» газеп тақы рыбына кандидаттык диссертация қорғады. Бірақ, көп етпей осы еңбекке орай «Социалистік Қазакстан» газетінің 1951 жылғы 17 қарашадағы санында Б. Қорқытов пен Ә.Досбаевтың «Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеудегі өрескел қателер» атты келемді мақалалары жарияланды. Онда Б.Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты кітабы мен Қ. Бекхожинның жоғарыда аталған «Дала уалаяты» - қазақ¬тың тұңғыш газеті» деген кандидаттық диссертациясы сыналды.

 

Дополнительная информация